Сандау және электронды каталогтар құрастыру жұмыстарының жайы туралы (21.11.2014)
Қазақстан Республикасы Президенті өзінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдаған Жолдауы мен 2013 жылғы 8 қаңтардағы "Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» №464 Жарлығында мұрағаттардың интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мұрағат құжаттарының мемлекеттік сақтандыру қорын құру, оны жаңа (цифрлық) жеткізгіштерге көшіру, құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесін және бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру бойынша жұмыстарды қолға алуды міндеттеген болатын және осы тапсырмаларды орындау жөнінде Үкіметтің де сәйкесінше бағдарламасы да қабылданды.
Аталған міндеттерді іске асыру, мұрағатшылар мен мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың қызметіне жаңа технологиялар мен жаңа жұмыс әдістерін енгізу мақсатында біздің облыстық мемлекеттік мұрағатта да белгіленген жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Атқарылған жұмыстар туралы толығырақ "Қызметі - Қорытындылар" бөлімінен білуге болады.