ҰОС ардагері С.Латиев құжаттарының көрмесі (06.03.2015)
БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым филиалына мекеме-ұйымдардан басқа, ауданның белгілі азаматтарының өмірлік деректерін тарихта қалдыру үшін, мұрағатқа қабылданады. Бүгінгі таңда Сырым филиалында алты Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары сақталуда, соның бірі ЛАТИЕВ САРЫ САРҒОЖАҰЛЫ.
Латиев Сары Сарғожаұлы 1923 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа селолық советіне қарасты Жырақұдық ауылында дүниеге келген.
Латиев Сары Сарғожаұлы – Маршал Жуков басқарған 1-ші Беларусь майданына қарасты қауіпсіздік комитетінің шекаралық полкіне алынған. Осы полкте танкке қарсы соғысатын зеңбірекшілер бөлімшесінің командирі болып тағайындалады. Варшаваны жаудан азат етіп, Кенигсбергті алуға қаруластарымен тізе қосып күреседі. 1945 жылдың 22 сәуірінде Шығыс Берлиндегі Трефтов қаласын алып, онда 9 айда кіші лейтенант С.Латиев штаб командирінің кадр жөніндегі жәрдемшісі болып, қызмет етеді.