Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртіптемесі бекітілді (08.04.2015)
Құрметті мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылары!
2015 жылдың 2 сәуірінде БҚО Мемлекеттік мұрағатының №07 бұйрығымен "Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатында мұрағаттық ақпаратты пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртіптемесі" бекітілді. Құжат мемлекеттік тілде дайындалған.
Аталған тәртіптеме ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №1604 қаулысымен бекітілген "Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының" 478, 479, 482 тармақтарын және Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2015 жылғы 30 наурыздағы №27-нқ бұйрығымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында пайдаланушылардың жұмыс істеу тәртібінің» 29, 30, 46 тармақтарын іске асыру мақсатында және олардың негізінде дайындалды.
Осы тәртіптеме жоғарыда аталған қағидалар мен тәртіпте реттелмейтін Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағаттық құжаттарын пайдаланушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру және реттеу, жұмыс регламентін, пайдаланушылардың мұрағатқа келу кезектілігі мен уақыттарын және олардың тапсырыстары бойынша мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін дайындау мерзімдері мен көлемін белгілейді.
Тәртіптеменің мәтінімен сайтта "Әдіснама - Ережелер" бөлімінде танысуға болады.