«Фронтовичка» клубының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері Анна Касьяновна Плешаковаға арналған электрондық көрме (12.07.2015)
Сіздің назарларыңызға «Фронтовичка» клубының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері, коммунистік еңбек екпіндісі Анна КасьяновнаПлешакованың №537 қордан электрондық түрдегі жеке тектік құжаттарын және фотосуреттерін ұсынамыз.
Анна Касьяновна Плешакова (Соломахина) 1925 жылдың 23 мамырында Брянск облысы Дятьков ауданы Бытоши ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылы мектептің 9 сыныбын бітірді.
Соғыс басталған кезде ауылда өзін-өзі қорғау жөніндегі топ құрылды. Топта ауылдық жастар атуға үйренді, қыздар винтовканы, гранаталарды зерттеді. 1941 жылдың тамызында топты Десна өзеніне танкке кедергі жасау үшін ор тұрған жерге окоп қазуға жіберді.Оқуды бітіргесін қыздарды медициналық қызметкер ретінде жараланған жауынгерлерді емдеу үшін Брянск қаласына жіберді. Бірақ олар 2600-ші эвакогоспиталь құрылған Ельня қаласына барды. Госпитальмен Башкирияның Чишмы қаласына кетті. Мұнда 1943 жылға дейін тұрды. 1943 жылы 2-ші Белорус майданының 3-ші армия құрамына кірді. Белорус майданының құрамында Белоруссияны, Польшаны, Шығыс Пруссияны азат етті. Жеңіс күнін Брандербург қаласында қарсы алды.
1945 жылдың тамызында Минск қаласына оралды. Алайда Жапониямен соғыс басталғандықтан, госпиталь таратылмаған болатын. Госпитальды Уручье әскери қаласына бөліп жіберді. Анна Касьяновна штаб саяси бригадасының хатшы машинисті болып жұмысқа кірді. Мұнда 1946 жылдың маусымына дейін жұмыс жасады.
1946 жылдың шілдесінде Анна Касьяновнаның жолдасы әскер қатарынан босатылды. Анна Касьянова қызметтен шығып, жолдасымен бірге Орал қаласына келді. 1946 жылдың тамызынан 1947 жылдың шілдесіне дейін Теміржол аудандық кеңесінде жұмыс жасады. Содан кейін ұл тәрбиеледі. 1963-1980 жылдары Клара Цеткин атындағы фабрикада жұмыс жасап, зейнеткерлікке шықты.
1991 жылдан бері «Фронтовичка» клубында жұмыстанды.
ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Көрмеге БҚО мемлекеттік мұрағатында сақтауда тұрған «Фронтовичка» клубы мүшелерінің құжаттар жинақтамасынан мұрағаттық құжаттар алынды.
Мақсаты:
- Отан қорғаушылардың майданда жүріп өткен әскери жолын еске түсіру, келешек ұрпақ үшін 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларын есте сақтау.
Міндеттер:
- Ұлы Отан соғысының тарихытуралы мәліметтерді жинақтау;
- Ұлы Отан соғысына қатысушы, «Фронтовичка» клубының мүшелерімен таныстыруды жалғастыру;
- Ұлы Отан соғысы майдангер-жерлестерімізге құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
-
Алғы сөз
-
Өмірбаяндық мәліметтер
-
Марапаттар
-
А.К. Плешакова туралы басылымдар
-
Фотосуреттер