• Жаңалықтар
  • 2021 жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларына арналған атаулы күндер күнтізбесі

2021 жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларына арналған атаулы күндер күнтізбесі

  1. 5 қыркүйек /1941 ж./ - Қазақстанның танымал мемлекет қайраткері Исқалиев Нәжімеден Ықсанұлының туғанына 80 жыл. Батыс Қазақстан облысының тәуелсіздік кезеңіндегі бірінші басшысы.
  2. 7 қыркүйек /1931 ж./ - «Нарын» қоғамдық қозғалысының ұйымдастырушысы Көбейсінов Кәкен Көбесінұлының туғанына 90 жыл. Орда, қазіргі Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.
  3. 11 қыркүйек /1941 ж./ - Орал қаласына қоршаудағы Ленинградтан көшіріліп келген К.Ворошилов атындағы зауыттың паудалануға берілгеніне 80 жыл. Қазіргі «Зенит» зауыты.
  4. 12 қыркүйек /1931 ж./ - облыста танымал партия-кеңес қызметкері Александр Автономович Карташевтың туғанына 90 жыл.
  5. 12 қыркүйек /1951 ж./ - танымал журналист, «Информбиржа ньюс» газетінің редакторы Сергей Павлович Кульпиннің туғанына 70 жыл.
  6. 13 қыркүйек /1956 ж./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Ивановна Тарасенконың туғанына 65 жыл.
  7. 15 қыркүйек /1926 ж./ - танымал шаруашылық басшысы Сатаев Зекеш Сатайұлының туғанына 95 жыл. 1963-1989 жылдары Орал механикалық зауытын басқарды. Қаратөбе ауданында дүниеге келген.
  8. 15 қыркүйек /1926 ж./ - соғыс және еңбек ардагері Исқалиев Үмбет Әдикенұлының туғанына 95 жыл. Тасқала ауданының тумасы және құрметті азаматы.
  9. 24 қыркүйек /1946 ж./ - 1992 жылғы қазан айынан 1997 жылғы сәуір айына дейін Тайпақ ауданының әкімі болған Қожамұратов Максим Жайлыбайұлының туғанына 75 жыл. Тайпақ, қазіргі Ақжайық ауданында дүниеге келген.
  10. 26 қыркүйек /1926 ж./ - Әділет сжәне сот органдарының қызметкері Андрей Поликарпович Муромцевтың туғанына 95 жыл. Приуральный, қазіргі Бәйтерек ауданында дүниеге келген.
  11. 30 қыркүйек /1946 ж./ - Бүкілодақтық Географиялық қоғамның құрамында 49 құрылтайшылары бар Батыс Қазақстан бөлімшесінің құрылғанына 75 жыл.
  12. 2 қазан /1991 ж./ - Қаратөбе аудандық мұрағатының ашылғанына 30 жыл. Бірінші директоры Батырғалиева Полина.
  13. 6 қазан /1946 ж./ - облыста танымал қоғам қайраткері, педагог және ғалым, қалалық мәслихаттың екі шақырылауының депутаты Құрманалина Шалқыма Хайроллақызының туғанына 75 жыл.
  14. 9 қазан /1911 ж./ - Қазақатың танымал ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл. Орал қаласында тұрып, жұмыс жасаған. Оның есімімен қаланың бір көшесі аталады. Қ.Аманжолов 85 мекен-жайы бойынша Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві орналасқан.
  15. 10 қазан /1906 ж./ - ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Бияшев Ғакаштың туғанына 115 жыл. Жәнібек ауданында дүниеге келген.
  16. 10 қазан /1931 ж./ - ғалым Борис Петрович Шахтың туғанына 90 жыл. 1975-1986 жылдары АШИ, қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры болды.
  17. 11 қазан /1991 ж./ - Чапаев, қазіргі Ақжайық аудандық архивінің ашылғанына 30 жыл. Бірінші директоры Имашев Нұрымғали.
  18. 12 қазан /1901 ж./ - мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Хамид Чуриннің туғанына 120 жыл. Оның есімімен бір көшесі аталады. Орда, қазіргі Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.
  19. 13 қазан /1936 ж./ - танымал партия-шаруашылық қызметкері Хаймулдин Ғазиз Усағалиұлының туғанына 75 жыл. Орда, қазіргі Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.
  20. 13 қазан /1966 ж./ - суретші Жоламанов Мұратбектің туғанына 55 жыл. Жымпиты, қазіргі Сырым ауданында дүниеге келген.
  21. 14 қазан /1906 ж./ - Кеңес Одағының Батыры Анатолий Маркович Скоробогатовтың туғанына 115 жыл. Камен, қазіргі Тасқала ауданында дүниеге келген.
  22. 14 қазан /1926 ж./ - еңбек ардагері, Зеленов ауданы Первосоветск ауылдық округінің атақты механизаторы Сергей Семенович Храниннің туғанына 95 жыл.
  23. 15 қазан /1901 ж./ - танымал шаруашылық қызметкері, Жаңақала ауданында алғашқы ұжымдық шаруашылық құрушылардың бірі Андрей Степанович Борисовтың туғанына 120 жыл.
  24. 15 қазан /1921 ж./ - Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Бөлтірікова Балжанның туғанына 100 жыл. Кезінде Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан сайланған болатын.
  25. 16 қазан /1846 ж./ – қазақтың даңқты ақыны, батыр Махамбет Өтемісовтың қаза болғанына 175 жыл.
  26. 21 қазан /1731 ж./ - Кіші жүздің өз еркімен Ресейге қосылғаны туралы келісімге Әбілхайыр хан мен орыс елшісі А.Тевкелевтың қол қойғандарына 290 жыл.
  27. 22 қазан /1931 ж./ - облыста танымал шаурашылық қызметкері Александр Кондратьевич Валаховтың туғанына 90 жыл.
  28. 1 қараша /1936 ж./ - тамаша композито Жұманиязов Базарбай Сағадиұлының туғанына 85 жыл. Орда, қазіргі Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.
  29. 5 қараша /1936 ж./ - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Владимир Яковлевич Поповтың туғанына 85 жыл. Чапаев, қазіргі Ақжайық ауданында дүниеге келген.
  30. 5 қараша /1946 ж./ - Қазақстаның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, ғалым профессор Тоқтағанов Айтжан Есенұлының туғанына 75 жыл. Жәнібек ауданында дүниеге келген.
  31. 6 қараша /1871 ж./ - Батыс Қазақстан облысында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми-техникалық кітапхананың ашылғанына 150 жыл.
  32. 6 қараша /1916 ж./ - облыста танымал партия-кеңес қызметкері Павел Николаевич Земляновтың туғанына 105 жыл. Мәскеу қаласында Жеңіс парадына қатысқан. Фурманов, қазіргі Казталов ауданында дүниеге келген.
  33. 7 қараша /1891 ж./ - жазушы, «Чапаев» романының авторы Дмитрий Фурмановтың туғанына 130 жыл. Азамат соғысы жылдарында Орал қаласында болған.
  34. 7 қараша /1926 ж./ - облыс сот органдарының өкілі Сәрсенов Қабділманның туғанына 95 жыл. Орда, қазіргі Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген.
  35. 7 қараша /1936 ж./ - партия-кеңес қызметкері Евгения Михайловна Купиевнаның туғанына 85 жыл. «Фронтовичка» әйелдер клубын құрушылардың бірі. Тайпақ, қазіргі Ақжайық ауданында дүниеге келген.
  36. 10 қараша /1926 ж./ - партия-шаруашылық қызметкері Құрманғалиев Хабиболла Ғабдоллаұлының туғанына 95 жыл. Чапаев, қазір Теректі ауданында дүниеге келген.
  37. 11 қараша /1936 ж./ - облыста танымал партия-кеңес қызметкері, БҚО бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Анатолий Петрович Кимнің туғанына 85 жыл.
  38. 20 қараша /1916 ж./ - соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Әлмұханов Мадарик Әлмұханұлының туғанына 105 жыл. Жымпиты, қазіргі Сырым ауданында дүниеге келген.
  39. 23 қараша /1991 ж./ - Орал қаласында СПИД-ке қарсы күрес зертханасының ашылғанына 30 жыл. Ол Батыс Қазақстандағы алғашқы байқау зертханасы болды.
  40. 24 қараша /1936 ж./ - Бәйтерек ауданының атақты механизаторы Николай Алексеевич Цубердің туғанына 85 жыл.
  41. 25 қараша /1991 ж./ - Жәнібек аудандық архивінің ашылғанына 30 жыл. Бірінші директоры Карин Абухан.
  42. 28 қараша /1916 ж./ - Орал медициналық училищесінің, қазіргі медициналық колледжінің негізі қаланғанына 105 жыл.
  43. 5 желтоқсан /1921 ж./ - соғыс және еңбек ардагері, құқық қорғау органдарының қызметкері Қожекенов Сәлімгерейдің туғанына 100 жыл. Қаратөбе ауданында дүниеге келген
  44. 6 желтоқсан /1841 ж./ – Хан Ставкасында Жәңгір хан мектебінің ашылғанына 180 жыл.
  45. 7 желтоқсан / 1926 ж./ - партия-кеңес қызметкері Даниялов Сатқанның туғанына 95 жыл. Казталов ауданында дүниеге келген.
  46. 8 желтоқсан / 1961 ж./ - Батыс Қазақстан облысынан сайланған сенатор Мұқаев Ерболат Рахметұлының туғанына 60 жыл.
  47. 10 желтоқсан /1936 ж./ - партия-кеңес қызметкері Баярстанов Қамаз Есқалиұлының туғанына 85 жыл. Теректі ауданында дүниеге келген.
  48. 11 желтоқсан /1951 ж./ - партия-кеңес қызметкері Ғұбашева Гүлнәр Мырзашқызының туғанына 70 жыл. Чапаев, қазіргі Теректі ауданында дүниеге келген.
  49. 13 желтоқсан /1936 ж./ - танымал ақын, журналист Набиуллин Жаңғалидің туғанына 85 жыл. Орда, қазіргі Бөкей Орда ауданында дүниеге келген.
  50. 14 желтоқсан /1936 ж./ - облыста танымал денсаулық сақтау қызметкері Тамара Николаевна Серпинаның туғанына 85 жыл. Жәнібек ауданында дүниеге келген.
  51. 15 желтоқсан /1916 ж./ - танымал партия-шаруашылық қызметкері Қарабалин Ғилымжан Қарабалаұлының  туғанына 105 жыл. Казталов ауданында дүниеге келген.
  52. 15 желтоқсан /1936 ж./ - танымал партия-шаруашылық қызметкері Шынбаев Муфтахим Қажыбайұлының туғанына 85 жыл. Камен, қазіргі Тасқала ауданында дүниеге келген.
  53. 19 желтоқсан /1936 ж./ - БКП (б) Өлкелік комитетінің хатшысы Левон Мирзоян мен ҚКСР ХКК төрағасы Исаев Ораздың Орал қаласында болғандарына 85 жыл. Олар жаңадан ашылған Орал-Илецк темір жолымен келген болатын.
  54. 25 желтоқсан /1921 ж./ - танымал партия-шаруашылық қызметкері Молдашев Қайырғали Молдашұлының туғанына 100 жыл. Орда, қазіргі Бөкей Орда ауданында дүниеге келген.
  55. 28 желтоқсан /1916 ж./ - танымал партия-кеңес қызметкері Тәжмұханов Мырзахметтің туғанына 115 жыл. Жымпиты, қазір Сырым ауданында дүниеге келген.
  56. 28 желтоқсан /1946 ж./ - облыс әкімі аппаратының және облыстық мәслихаттың жауапты қыземткері Нәбиев Закария Нүркиұлының туғанына 75 жыл. Чапаев, қазіргі Ақжайық ауданында дүниеге келген.  

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel