• Жаңалықтар
  • Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде ІҮ Республикалық жас архивисттер байқауы өтті

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде ІҮ Республикалық жас архивисттер байқауы өтті

         Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві және Қазақстан  Республикасы Президенті архивінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық архивтер арасындағы IV-ші Республикалық жас архившілердің байқауы өтті. Жоғары деңгейдегі байқаудың ұйымдастыруына Батыс Қазақстан облысының  әкімдігі қолдауын білдірді.

         Аталмыш шараның басты мақсаты, жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, архив құжаттарының құндылығын дәріптеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында архив саласының рөлін, архивист мамандығының мәртебесін көтеру және жастар арасында архив саласының маңыздылығын түсіндіру. Байқауға Қазақстан Республикасы Президенті  Архивінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік архивтерінің, Жезқазған қаласы мемлекеттік архивінің командалары қатысты.

         Республикалық деңгейдегі байқау алғаш рет онлайн форматта өтті. Байқаудың шымылдығы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлының құттықтау сөзімен ашылды. Облыс әкімінің орынбасары қатысушыларға сәттілік тілеп, шараның архив саласы үшін жоғары маңызын атап өтті.

1а

          Жас архивисттер төрт турдан тұратын байқауда өз күштерін сынаған болатын. Төрт турдың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті архивінің «Қыран» командасы Гран-при иегерлері атанды. І орынға және келесі V Республикалық  жас архивисттер байқауын өткізу мәртебесіне Жезқазған қаласының «Тәуелсіздік тұмары» командасы ие болды. ІІ және ІІІ орынды  Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің «Тараз ғибраты» және Алматы қаласы мемлекеттік архивінің «Верный» командалары бөліп алды. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Жүлделі орын иегерлеріне құнды сыйлықтар табысталды.

           Аталмыш байқауға қазылар алқасының мүшелері ретінде ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары  Танысбеков Бағдат Қалтайұлы және Қазақстан Республикасы Президенті архиві директорының орынбасары Мұстафина Әлия Құсайынқызы қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің архивтік технологиялар басқармасының басшысы Шайлазымов Бахытхан Жалдыбайұлы байқаудың қонақ ретінде қатысты.

IMG 2672

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel