• Жаңалықтар
  • 2022 жылдың 11 ақпанында Орал қаласы әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуге жауапты өкілдерінің қатысуымен іс жүргізу және мұрағат ісі мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.

2022 жылдың 11 ақпанында Орал қаласы әкімдігінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуге жауапты өкілдерінің қатысуымен іс жүргізу және мұрағат ісі мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.

2022 жылдың 11 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің толықтыру көзі болып табылатын Орал қаласы әкімдігі және оның құрылымдық бөлімдерінің іс-жүргізуге жауапты өкілдерімен іс-жүргізу және архив ісі туралы семинар-кеңес ұйымдастырылды

1

2

 

2022 жылдың 11 ақпанында «БҚО мемлекеттік архиві» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, Орал қаласы әкімдігі және оның құрылымдық бөлімдерінің іс-жүргізуге жауапты мамандарына арнайы «Іс-жүргізу және архив ісі туралы» семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинарға жалпы 18 мекеменің  іс-жүргізушілері және архив саласына жауапты мамандары  қатынасты.

Алдымен, оқу барысында, құжаттаудың, құжаттаманы басқарудың және архив ісінің нормативтік құқықтық базасымен таныстырылып, мекеменің ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелері жайында мағұлмат берілді. Әрі қарай қатысушыларға істер номенклатурасын жасақтау тәртібі және оған салынатын құжаттардың құрамы мен үлгі ретіне көңіл бөлу туралы түсініктемелер берілді.

Сондай ақ, семинар-кеңес отырысы барысында мекеме өкілдері ведомстволық архив жөніндегі туындаған мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.

Алдағы уақытта басқа да мекемелердің іс жүргізу және архив ісі мамандарына семинар-кеңес жалғасын табады.

 

 

 

 

   Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel