Рәміздер күні

Ағымдағы жылдың 2-маусымында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай іс-шара өтті. Шара барысында мемлекеттік архивтің директорының орынбасары Семгалиев Сержан Жұматанұлы сөз алып айтулы шараның маңыздылығына тоқталды. Әр елдің халықтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет. Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Қазақстанның болашақтағы жетістіктеріне деген сенімділік кез-келген қиындыққа қарсы тұруға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel