«Архив және болашақ ұрпақ» атты Ашық есік күні
Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві КММ-де 2024 жылдын 20-шы қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық акция аясында ашық есік күні өткізілді.
Шараның ұйымдастыру мақсаты -архив құжаттарын пайдалана отырып жас ұрпақтың санасына тарихқа деген сүйіспеншілікті арттыру, өскелен ұрпақты өлке тарихымен таныстыру. Студенттерге архив құжаттарын насихаттау. Болашақ ғалымдар ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту. Архив мамандарының бір күндік жұмысымен таныстыру.
«Ашық есік» күнінің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы орынбасары Медхат Мусаұлы Камбетов, архив ісі бөлімінің басшысы Лаура Тулешқызы Туремуратова және Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архиві директоры Бек Тыныштықұлы Жангиров сөз сөйледі.
Шараға КЕАҚ М.Өтемісов атындағы және Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университет студенттері қатысты. Студенттер архив қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Архив қоймасына экскурссия жасады және «Орал қаласының тарихы», «Кеңес Одағының батыры Мәншук Маметова», «БҚО мемлекеттік архиві-100 жыл» атты көрмелерімен танысты. Архив қызметкерлері аса құнды құжаттарды тігіп-түптеу және реставрациялау жұмыстарын көрсетті. Сондай ақ электронды оқу залының жұмысы бойынша мастер-класс көрсетіліп, түсіндірілді.
Болашақ тарихшылар өздерінің архив жұмысы бойынша тілектерін білдіріп, сұрақтарын қойды.