Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өтті
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының он тоғызыншы жұлдызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына ашық есік күні өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімінің «№19 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 10-шы сынып оқушылары қатысты.
Аталмыш шараның басты мақсаты- архив құжаттарын пайдалана отырып жас ұрпақтың санасында тарихқа деген сүйіспеншілікті арттыру, өскелең ұрпақты өлке тарихымен таныстыру. Оқушыларға архив құжаттарын насихаттау. Болашақ ғалымдар ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту. Архив саласының қоғамға қажеттілігін, оның қоғамдағы рөлінің маңыздылығын көрсету.
Шара барысында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Доши Бағдат Серікұлы кіріспе сөз сөйледі. Одан соң оқушылар архив қызметкерлерінің жұмысымен танысты және архив қоймасына экскурсия жасады. Сонымен қатар, оқушылар архив қызметкерлері дайындаған көрмені тамашалады.Оқушыларға архивтің оқу залында жұмыстану бағытында мастер-класс көрсетілді және істер номенклатурасын жасақтау,құжаттарды жинақтау бойынша толықтай мәлімет берілді.
Оқушылар архивіміздің оқырман залында жұмыстану барысымен танысып, өз ойларымен бөлісе отырып, сұрақтарын қойды.