• Жаңалықтар
  • Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

     Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

     2026 жылдың 30-шы наурыз күні БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының архив ісі бөлімінің басшысы Л.Туремуратованың төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

     Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көзіндегі мекемелер қатысты. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті» РММ-нің архивке жауапты маман өкілдері баяндама жасады. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы, сақталуы және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

     Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.

     Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар: ғылыми-техникалық өңдеу бойынша: Орал қаласының №2 сотының (2019-2020 жж), «БҚО бойынша көліктік бақылау инспенкциясы» РММ-нің (2018-2023 жж), Сырым ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Демалыс орталығы» МКҚК-ның (2014-2018 жж) және тағы да басқа аудандық архив филиалдарының құжаттары бекітілді.

     Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: БҚО Орал қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің және тағы да басқа аудандық архив филиалдарының істер номенклатуралары келісілді.

     Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті бойынша: Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының (2020 ж) және тағы да басқа аудандық архив филиалдарының құжаттары бекітілді.

     Сонымен қатар, БҚО Орал қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің, «БҚО Сырым ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің және тағы да басқа аудандық архив филиалдарының сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.

     Келесі СТК-ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 30 сәуірінде өтеді.

     Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

WhatsApp_Image_2026-03-31_at_11.38.03.jpeg       WhatsApp_Image_2026-03-31_at_11.38.03_1.jpeg

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel