№62-ші «Орал қаласының Деркөл кенттік округі әкімінің аппараты» ММ қор бойынша

Ағымдағы  жылдың  13 қазаныңда «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облыс әкімінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №116 қаулысы мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №10-1 шешіміне сәйкес Орал қаласының  Деркөл поселкелік  округінің  әкімшілік –аумақтық бірлігі Орал қаласының әкімшілік бағыныстылығына беріліп, «Орал қаласының Деркөл кенттік округі әкімінің аппараты» ММ-нің жабылуына байланысты Орал қаласының Деркөл кенттік округі әкімі  аппаратының  құжаттары  №62 қор бойынша   Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік  мұрағатының  мұрағат  қоймасына    мемлекеттік  тұрақты сақтауға  қабылданды. Мекеменің 1999, 2001-2013 жылдары жұмыс барысында  жүргізілген істеріне   ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Ғылыми- техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуде Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы «26» желтоқсандағы №1605 қаулысымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі  және  мекеменің 2011 жылға арналған істер номенклатурасы басшылыққа алынған. Ғылыми-техникалық өңдеуге  мұрағаттық қордың маңызы мен құрамын сипаттайтын  округ әкімінің шешімдері, негізгі қызмет бойынша өкімдері, бұйрықтары, жылдық жұмыс жоспары, штаттық кесте және шығындар сметасы, жылдық бухгалтерлік есеп, құрылтайшы құжаттары, облыс, қала әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдері (ұйым қызметіне қатысты), окрук әкімі аппаратының регламенті, аппарат қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері туралы  лауазымдық нұсқаулықтары, округ тұрғындарымен өткізілген жиналыстардың хаттамалары, округ әкімінің аппараттық кеңесінің хаттамалары, нотариалды іс қимылдарын тіркеу журналы, мекеменің қызметін тексеру құжаттары, анықтамалар, актілер, септер және басқа да  құжаттары, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, тылда еңбек еткендердің, тың игерушілердің тізімі, қаржыландыру жоспарлары, ҚР Президенті Жолдауының кенттік округте орындалуы жөніндегі құжаттары, мәдени-көпшілік шараларды өткізу жөніндегі құжаттар, аумақтық агроазық-түлік бағдарламасы мен «Ауыл жылының» ұйымдастыру- насихат шараларының орындалуы туралы құжаттар, округтың әлеуметтік- экономикалық төлқұжаттары, жылдық статистикалық есептер, бос лауазымдық орындарға уақытша орналастыру, қызметке таңдау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамалары, 1-ОЛ нысанды тұлғалардың өтініштері туралы, мал, жер, шаруашылық, кадрлар, еңбек бойынша жылдық статистикалық есептер, шаруашылық кітаптары, жеке құрам бойынша бұйрықтар, қызметкерлердің тізімі, еңбекақы есептеу ведомостары, көп балалы аналарды марапаттауға ұсыну жөніндегі құжаттар, жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік аударымдар жөніндегі құжаттар, бос лауазым орындарын толықтыру жөніндегі конкурстық комиссия жұмыстарының құжаттары, қызметкерлермен жасасқан еңбек шарттары, мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу бойынша комиссия отырысының хаттамалары, аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары, қаулылары, шешімдері, оларға құжаттар, бұйрықтардан үзінділер, мінездемелер, сауалнамалар, аттестациялық парақтар және басқа құжаттар енгізілген.

Қор бойынша  80 бума  жасақталған,   262 іс тұрақты сақталатын істер, шаруашылық кітаптары бойынша 375 іс, 56 іс жеке құрам бойынша сақталатын істер болса, уақытша сақталатын (10 жылдан жоғары)  13 іс  тізімдемелері жасалған. Барлығы 706 істің сақтау бірлігі енгізілген.

Құжаттар мен істер  тізімдемелері бойынша тексеріліп, қабылдау-тапсыру актісі жасалды. №62 қор құжаттарының жалғасы мұрағат қоймасына орналастырылды.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel